«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Арқалыққа көмекке барды
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы Қостанай облысының Арқалық қаласына барып, су тасқынына байланысты жедел құрылған жедел штаб жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Онда тасқыннан зардап шеккендерге қажетті тұрмыстық заттарын арнайы әкеліп, табыстады. Сондай-ақ, қор басшысы елдің әр түкпірінен келіп жатқан гуманитарлық көмекті қабылдап алу, сұрыптау, тарату шаруаларына атсалысты.
Одан бөлек Мақсатбек Мақсотұлы эвакуацияланған тұрғындармен кездесті. Айта кетейік, Қостанай облысындағы Қызыл жұлдыз ауылын толықтай су шайған соң, ауыл жұрт Арқалық қаласындағы жатақханаға орналастырылған еді. Олардың уақытша тұрғынжайына Мақсатбек Мақсотұлы арнайы бас сұғып, қажетті тұрмыстық заттарды табыстады. Сондай-ақ, тағы қандай қажеттіліктері бар екенін сұрап, хал-жағдайын білді.
muftyat.kz