Жаңалықтар

Зайсанда ер адам 4 бала мен қарт әйелді өрттен құтқарды

Зайсанда ер адам 4 бала мен қарт әйелді өрттен құтқарды
Фото: ТЖМ 07.02.2025 16:00 105

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында ер адам өртенген үйден 4 бала мен қарт әйелді аман алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызыл жалын Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылындағы жер үйден шыққан. Оқиға орнына №25 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жеткенде дейін үй иелерінің көршісі Талғат Мүсірат көмекке ұмтылды. Ол терезе арқылы үйге кіріп, 68 жастағы әжені және 7, 5, 4 және 1 жастағы төрт баланы сыртқа алып шықты. Осылайша, 5 адамды өрттен құтқарып қалды.

Көп ұзамай өрт сөндірушілер 30 шаршы метр аумақтағы қызыл жалынды толықтай ауыздықтады. Зардап шеккен ешкім жоқ. Алдын ала дерек бойынша өрттің шығу себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтамау, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға