Жаңалықтар

Зарина Диястың табысы

2015 жыл қазақстандық теннисші Зарина Дияс үшін сәтті басталды.
09.06.2015 06:38 4705

2015 жыл қазақстандық теннисші Зарина Дияс үшін сәтті басталды. Қаңтардың басында жүлде қоры 500 мың долларды құрайтын Шыңжаңдағы (Қытай) турнирге қатысып, үшінші айналымда жеңіліс тапты.

Зарина Диястың табысы

Донна Векич (Хорватия) 6:3, 6:1
Тимя Бабош (Венгрия) 6:3, 6:4
Чжэн Сайсай (Қытай) 6:3, 6:7, 2:6

Араға бір күн сап Хобарт (Аустралия) қаласына аттанды. Жүлде қоры 250 мың долларды құрайтын додада да үшінші айналымда жеңіліс тапты.

Сильвия Солер-Эспиноса (Испания) 6:3, 6:4
Даниэла Гантухова (Словакия) 7:5, 6:1
Элисон Риске (АҚШ) 3:6, 0:6

2015 жылдың ең үздік турнирі мәртебелі Australian Open-ге қатысып (жүлде қоры – 14 млн. 398 мың доллар), Мельбурнде де үшінші айналымнан аса алмады. Бұл турнирде оның жолын әлемнің бірінші ракеткасы Мария Шарапова кескен болатын.

Урсула Радваньска (Польша) 3:6, 6:4, 6:2
Анна Шмидлова (Словакия) 3:6, 6:2, 8:6
Мария Шарапова (Ресей) 1:6, 1:6

Ақпан айында жүлде қоры 2 млн. 513 мың долларды құрайтын Дубайдағы турнирге қатысты. Бұл жолы да үшінші айналымда жеңіліс тапты.

Анника Бек (Германия) 6:2, 6:2
Андреа Петкович (Германия) 7:5, 6:3
Екатерина Макарова (Ресей) 3:6, 4:6

Одан кейінгі додалардың барлығында (Доха, Куала-Лумпур, Индиан-Уэллс, Майами, Чарльстон, Штутгарт, Мадрид, Рим, Страсбург) бірінші немесе екінші айналымнан аса алған жоқ. Жүлде қоры 14 401 897 долларды құрайтын мәртебелі Rolan Garros турнирінде де екінші айналымда жеңіліс тапты.

Дина Пфиценмайер (Германия) 6:4, 6:1
Элисон Ван Эйтванк (Бельгия) 6:0, 1:6, 4:6

Зарина Дияс осы аталмыш жарыстарда жоғары деңгейде көріне алмаса да, үлкен табысқа жетті. Мол тәжірибе жинады. Әсіресе, Мельбурнде (Australian Open) үшінші айналымға дейін жеткені есте қалды.

Зарина Диястың табысы

Биыл Париждегі мәртебелі жарыстың (Roland Garros) жүлде қорына 3 миллион доллар қосылып, 28 миллионға жеткен болатын. Алғашқы айналымда ұтылған спортшыларға 28 мың доллар, екінші айналымға шыққандар үшін 60 мың доллар тиесілі болған. Екінші айналымда бельгиялық Элисан ван Эйтванкқа жол берген Зарина 60 мың долларды қанжығасына байлады. Осылайша, оның жинаған жүлде қоры 1 млн 46 мың долларға жетіп отыр.

Роллан Гаростың жеңімпаздары Мирена Уильямс пен Станислав Вавринка әрқайсысы 1,8 милллионды иеленгенін айта кетейік. Ал финалға шыққан Новак Джокович пен Люси Шафаржоваға 900 мың доллардан берілді.

Зарина Дияс «Үлкен Дулыға» турнирлерінде бірінші рет емес. Өткен жылы мәртебелі төрт турнирге де қатысты. Қатысып қана қойған жоқ, ірі жеңістері де болды.


Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға