Зарина Райфова дзюдодан Азия пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
25.10.2023 10:52
862
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошы Зарина Райфова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Зарина J2 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақта финалдық белдесуде әлем чемпионы, алаң қожайыны Хуньюй Ванмен белдесіп, 0:10 есебімен есе жіберді.
Зарина А тобындағы бірінші кездесуінде Азия пара ойындарының екі мәрте қола жүлдегері, жапониялық Ацуми Нисимурадан 10:0 есебімен айласын асырған еді.
Осылайша, Қазақстан қоржынына жетінші күміс медаль түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын параспортшы Нұрдәулет Жұмағалидың Қазақстанға бесінші алтынды иеленген еді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Республика күнінің тарихы қандай?
Келесі жаңалық
Қостанай облысы бірнеше көлік қар құрсауында қалды