Зарина Диас Қазақстан құрамасын алға шығарды

Астанада Билли Джин Кинг кубогы аясында басталған Кореямен плей-офф матчында Зарина Дияс Қазақстанды алға шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл 31-ге толған З.Дияс әлемдік рейтингіде 383-орында болса, қарсыласы, 22 жастағы Да Ен Бак 314-сатыда еді.
Бірінші партияда кореялық теннисші 6:3 есебімен басым түсті.
Екіншісінде Зарина дәл сондай есеппен есе қайырды - 6:3.
Үшінші, шешуші сетте Зарина тай-брейкте Бакқа еш мүмкіндік қалдырған жоқ - 7:6 (7:0).
Екі сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсекеде Зарина Дияс 13 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Да Ен Бактың еншісінде - 5 брейк (9 брейк-пойнт).
Осылайша, Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен алға шықты.
Бүгін сондай-ақ Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Сон Хен Пакпен ойнайды.
