Жаңалықтар

Заңсыз темекі сатумен айналысқан ақмолалық жазаланды

Тұрғыннан 22 млн теңгені құрайтын темекі өнімдері тәркіленді
Заңсыз темекі сатумен айналысқан ақмолалық жазаланды
Фото: turkystan.kz 03.11.2022 09:53 1517

Ақмола облысының тұрғыны тиісті құжатсыз және сертификатсыз темекі сатумен айналысқан. Ол темекі өнімдерін өңір аумағында сатқан, деп хабарлайды El.kz ҚМА агенттігіне сілтеме жасап.

Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз-маусым айлары аралығында Р.Э. Гүлиев деген азамат тауардың сапасы мен шығу тегін растайтын құжаттарсыз темекі өнімін сатып алып, оны Астанада «Әмір» базарының аумағында, контейнерде сақтап, Ақмола облысының Ақкөл қаласында жалпы сомасы 775 000 теңгеге тауар сатып үлгерген.

Контрафактілі темекі бұйымдары бар автокөлік тауарды Астанадан Ерейментау қаласына дейін тасымалдау кезінде ұсталды, жоспар бойынша оны бөлшек сауда дүкендері арқылы өткізбек болған.

Көлік құралын тексеру барысында жалпы саны 34 500 қорап темекі бұйымдары табылып, тәркіленді.

Өңірлік МКД қорытындысына сәйкес, тәркіленген 37 150 қорап акцизделуге тиіс темекі өнімдерінің жалпы құны 22 млн теңгеге жуық соманы құрайды.

Сот үкімімен Р. Э. Гулиевке 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға