Жаңалықтар

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы БАӘ-ден экстрадицияланды

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы БАӘ-ден экстрадицияланды
Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі 31.08.2024 11:07 487

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесі нұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды. Ағымдағы жылдың тамыз айында ол Абу-Даби қаласының аумағында ұсталып, кейіннен Қазақстан Республикасына экстрадицияланды. Айта кетері, ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған, - делінген мәліметте. 

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға