Жаңалықтар

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру: 1500-ге жуық қылмыстық іс тергелді

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру: 1500-ге жуық қылмыстық іс тергелді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 15.09.2023 12:44 838

Соңғы 5 жылда қылмыстық қудалау органдарымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша 1500-ге жуық қылмыстық іс тергелді. Бұл туралы Бас прокуратураның 3-қызмет басқармасының бастығы Мақсат Орақбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құмар ойындарға қаражат табу үшін адамдар ортақ отбасылық мүлікті сатады, несие алады және қылмыс жасайды. Мысалы, 2023 жылы Астана қаласында Қалиев есімді азамат ақшалай қаражатқа мұқтаж болуына байланысты көлігін иемденіп, одан әрі сату мақсатында өзінің досын өлтірген. Тергеу қылмыстың негізгі мотиві құмар ойындардан қарыздарды жабу болғанын көрсетті. Тағы бір ойыншы, Шымкент қаласында ойыннан үлкен соманы ұтылғаннан кейін күйзеліске ұшырап, анасы мен әкесін өлтірген, - деді ол.

Оқи отырыңыз:

Ведомство өкілі құмар ойындарға тәуелділік ұрлыққа, сеніп тапсырылған мүлікті жымқыруға және басқа да экономикалық қылмыстарға әкеліп соқтыратынына тоқталды.

Мысалы, Омаров есімді азамат анасына тиесілі пәтерге жалған сенімхат жасап, оны кепілге қою арқылы 28 млн теңге несие алған. Кейіннен бұл соманы құмар ойындарда ұтылған. Жасаған қылмысы үшін ол бас бостандығынан айырылды.

Павлодар облысының аумағында лудоман тарапынан алаяқтық жасау фактісі тіркелген. Мәселен, 2023 жылы Сеитов есімді азамат алдау арқылы 30-ға жуық азаматтың ақшалай қаражатын иемденіп, шамамен 10 млн теңгеге залал келтірген. Түскен қаражатты Сеитов құмар ойындарға жұмсаған, - деді Мақсат Орақбаев.

Аталған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға