Жаңалықтар

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды
Фото: pixabay.com 21.11.2024 15:18 325

Қызылорда мен Ұлытау облысының 5 тұрғыны әлеуметтік желі арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар осы жылдың қаңтар мен шілде айы аралығында көпшілікті құмар ойынға арбап, 70 миллион теңге көлемінде табыс тапқан. Қызылорда облысының экономикалық тергеп-тексеру департаменті оңай жолмен ақша тапқан топтың жолын кесіп, заңсыз әрекетін әшкереледі.Олар алғашында 400 мың оқырманы бар парақшасын сатып алып, онлайн "Карта-лото" құмар ойынын өткізген.Кейін басқа да желілерде ұйымдастырып, заңсыз ойын бизнесінің аясын кеңейткен.

Халықты сан-соқтырған бесеудің кінәсі дәлелденіп, айыпталушылар сот үкімімен 2 жыл 6 айдан 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға