Жаңалықтар

Заңсыз кәсіпкерлікке тосқауыл: Маңғыстауда мобильді аударымдарды бақылау қолға алынды

Заңсыз кәсіпкерлікке тосқауыл: Маңғыстауда мобильді аударымдарды бақылау қолға алынды
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі 26.02.2025 21:47 134

Маңғыстау облысында мобильді аударымдарды бақылау арқылы заңсыз кәсіпкерлікке қарсы шаралар қолға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған. Өлшемшарт бойынша 3 айдың әр қайсысында қатарынан 100 және одан да көп мобильды аударымдар анықталса бұл жерде қандай да бір кәсіпкерліктің нышаны болуына сәйкес әкімшілендіру жүргізіледі. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Жанаргүл Рақашова мәлімдеді. 

Оның айтуынша, 2025 жылдан бастап, 2-ші деңгейлі банктерден жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайларына 2024 жыл бойынша салық органдарына ақпарат ұсынылады.

Аталған шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, қызметтері мен жұмыстары үшін төлемді мобильді аударымдары арқылы қабылдайды. Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, көлеңкеден тыс кәсіпкерлікпен айналысуды анықтау, салық салу әдісін толық қамтамасыз ету, - дейді Жанаргүл Рақашова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға