Жаңалықтар

Заңгер Айгүл Орынбектің ұсталғаны рас па? Полиция пікір білдірді

Заңгер Айгүл Орынбектің ұсталғаны рас па? Полиция пікір білдірді
Фото: instagram.com/aigulorynbek_kz 29.10.2024 22:10 586

Әлеуметтік желіде қазақстандық заңгер Айгүл Орынбектің ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Осы жайтқа байланысты Шымкент қалалық Полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Шымкент қалалық Полиция департаментімен Айгүл Орынбек ұсталған жоқ, - делінген мәліметте.

Бұған дейін журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында құқық қорғаушы, Ұлттық құрылтай мүшесі Айгүл Орынбектің ұсталғаны туралы жазды.

Қазір ол полицияда. Оның аты «Алаяқтық», «Сотқа дейінгі өндіріс мәліметтерін жария ету» және «Әділеттілікті жүзеге асыруға кедергі жасау» баптары бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында аталып отыр, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға