Жаңалықтар

Заңдар ұзақ уақыт бойы олигархтардың мүддесіне сай қабылданып келген - депутат

Заңдар ұзақ уақыт бойы олигархтардың мүддесіне сай қабылданып келген - депутат
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 19.03.2025 13:29 144

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек соттардың заңды күшіне енген шешімдері орындалмай жатқанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат соттың адам құқықтарын жан-жақты қорғайтын институтқа айнала алмай отырғанын айтты. Оның сөзінше, заңнама әлі де жетілдіруді талап етеді, сондықтан кем тұстарын қоғамның бүгінгі сұраныстарына сай өзгерту маңызды.

Мәжілістің қабылдау бөлмесінде бір күнде 160-тан астам азаматты қабылдадым. Бұл Парламентке деген сенім болғанымен, жергілікті жерде шешілуі тиіс мәселелер тиісінше жүзеге аспай, орталыққа дейін жетуде дегенді білдіреді. Сондықтан жергілікті органдардың жауапкершілігі мен жұмысын күшейту керек, - деді мәжілісмен.  

Базарбектің айтуынша, кез келген салада үзілді-кесілді заңның үстемдігі орнады деуге келмейді.

Халықпен кешенді түрде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаның жоқтығы, құқықтық нигилизм мен адамдардың сана-сезімінде заңды айналып өту, заңға бағынбау, заңның жетілмеген тұстары мен кемшілігін өз жеке пайдасына бейімдеу сияқты іс әрекеттер жиілеп кетті. Бұл ұзақ уақыт бойы заңдарды лоббистік жолмен олигархтардың мүддесі үшін әзірлеп қабылдағанының салдары. Құрылыстағы лобби, банктік топтар лоббиі, мұнай-газ саласындағы лобби сияқты дүниелер әзірдің өзінде де бар, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға