Заң және тәртіп: Инвесторлардың құқығын қорғау бойынша қандай жұмыстар атқарылды
![Заң және тәртіп: Инвесторлардың құқығын қорғау бойынша қандай жұмыстар атқарылды Заң және тәртіп: Инвесторлардың құқығын қорғау бойынша қандай жұмыстар атқарылды](/storage/storage/element/2025/02/07/mainphoto/141575/1200xauto_hUOZyRv5g8ev3PIM8asDSplTRMRNJGxn0dRUJcOk.jpg)
Бүгін Жоғарғы сот пен сыртқы істер министрлігінің инвестициялар комитеті және Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы (EUROBAK) бірлесіп, инвестициялық форум өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Инвесторлардың құқықтарын қорғау: әкімшілік және сот практикасы» тақырыбында өткен форумға Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Еуропалық одақтың ҚР істері жөніндегі уақытша сенімді өкілі Мачей Мадалински, Жоғарғы сот судьялары, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері және инвесторлар қатысты.
Асламбек Мерғалиев қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, президенттің инвестициялық ахуал мен бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту бойынша жұмысты тұрақты жүргізудің маңыздылығы туралы айтты.
Шара барысында "тұрақты сот практикасын қамтамасыз етудегі маңызды қадам әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкі болу керектігі" атап өтілді.
Соңғы 2,5 жылда елорданың әкімшілік сотына 288 талап қою, ал 2024 жылы – 152, яғни, соңғы 2,5 жылдағы талап қоюлардың жартысынан көбі келіп түскен екен.
2024 жылы елорданың әкімшілік соты шамамен 100 миллиард теңгеге инвесторлардың құқығын қорғап, сот шешімдерінің үштен бірінде лауазымды тұлғаларға қатысты жеке ұйғарым шығарып, бір миллион теңгеге жуық ақшалай айыппұл салғаны айтылды.
Бұл ретте бизнес пен инвесторлардың адалдық танытып, заң талаптарын сақтау қажеттігі алға тартылды.
Айта кету керек, форум құқық қолдану практикасын және Қазақстанға инвестиция тарту шарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау және әзірлеу үшін маңызды алаң болды.
Әкімшілік тәжірибеде инвесторлардың құқықтарын қорғау механизмін әзірлеуге және инвестициялық дауларды тиімді шешу үшін жағдай жасауға баса назар аударылды.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)