Жаңалықтар

Заң қабылданса, журналистердің «Баспасөз картасы» қала ма? Министр жауап берді

Заң қабылданса, журналистердің «Баспасөз картасы» қала ма? Министр жауап берді
Фото: © ОКҚ 30.11.2023 12:19 1025

Депутат Айдос Сарым медиа қауымдастық өкілдері «Масс-медиа» туралы заң жобасындағы «Баспасөз картасына» қатысты наразалығын ашық айтып отырғанын және журналистер аталған норма БАҚ өкілдерін алалауға, бөлуге алып келеді деген сынына қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың сөзінше, аталған карта журналистердің құқығын шектеп, теңсіздік тудыруы мүмкін.

Қоғамдық палатаның мүшелері де «Баспасөз картасы» журналистің еркіндігі мен ақпарат алу мүмкіндігін шектеуге бағытталған норма деп отыр. Біз, «Аманат» фракциясы, бұл нормаға үзілді-кесілді қарсымыз. Мұндай құйтырқы форматтағы шектеу нормаларын енгізуді қою керек деп санаймыз. Осыған орай Мәжіліс депутаттары өз алаңдаушылығын білдіріп, салыстырмалы кестеге оны алып тастауды ұсынған болатын. Осы нормаға салалық министр ретінде көзқарасыңыз қандай? Журналистік қауым мен аманаттық депутаттардың ұстанамын қолдайсыз ба? – деп мәдениет және ақпарат министріне сауал тастады.

Аталған сауалға министр Аида Балаева бұл тармақ пен бастама ешқандай да журналистердің құқықтарын бұзбайтынын айтып жауап берді.

Белден басып, тек өзіміздің нормамызды енгіземіз деген жоқ. Ең басты заң жобасы, жалпы заң журналистердің мүддесіне, статусын арттыруға бағытталған. Сондықтан, оны бірге қарайық, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға