Жаңалықтар

Заң мен тәртіп: жастар арасында буллингке жол жоқ

Заң мен тәртіп: жастар арасында буллингке жол жоқ
Фото: Қарағанды облысы ПД 04.03.2025 16:12 133

Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжінде Октябрь полиция бөлімінің ювеналды полиция қызметкерлері студенттерге дәріс өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында ІІМ-де жарияланған «профилактика жылы» аясында жастардың өміріне кері әсерін тигізетін буллинг мәселесіне ерекше назар аударылды.

Аға инспектор Айнұр Жошина буллингтің түрлері мен салдарын, сондай-ақ мұндай әрекет үшін жауапкершілікті түсіндірді. Осындай кездесулер зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастырып, білім беру мекемелерінде қауіпсіз орта құруға ықпал етеді.

Диалог форматында өткен кездесуде полицейлер өз тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, буллерлерге қолданылатын жаза түрлері мен буллингтен қорғану жолдары туралы айтты. Студенттер қиын жағдайларда қалай әрекет ету керектігі және көмекке қайда жүгінуге болатыны жөнінде ақпарат алды. Әсіресе кибербуллинг тақырыбына ерекше назар аударылды. Өйткені интернеттегі агрессия кейде физикалық зорлық-зомбылықтан да ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Әлеуметтік желілерді пайдалану кезіндегі сақтық шаралары мен қажетсіз контентті бұғаттау жолдары талқыланды.

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойды. Полицейлер нақты ұсыныстар беріп, құқықтық аспектілерді түсіндіріп, мамандарға жүгінудің маңыздылығын атап өтті.

Заң мен тәртіп: жастар арасында буллингке жол жоқ

Сурет: Қарағанды облысы ПД

Бірінші курс студенті Илья Воеводин жасөспірімдер арасындағы осындай агрессия көріністерімен күресу қажет деп санайды.

Менің ойымша, буллинг құрбандары өз мәселелерімен бөлісіп, қолдау ала алатын анонимді форумдар құру керек. Ешкім өзін жалғыз сезінбеуі тиіс, әрдайым тыңдап, көмек көрсетуге дайын адамдар бар екенін білу маңызды, - деді ол.

Кездесу соңында қатысушылар зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оқу орнында қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған бірлескен шараларды жалғастыруға келісті. Қолдау қызметтері мен жедел желілердің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық материалдар таратылды.

Бүгінгі дәрістен көп нәрсе білдім және полиция бастамасын толық қолдаймын. Мұндай кездесулерді жиі өткізу керек, – деді «Жігер» студенттік парламентінің президенті Бекболат Асанов.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға