Жаңалықтар

Заң мен тәртіп мәселесі күн тәртібінде тұр

Заң мен тәртіп мәселесі күн тәртібінде тұр
Фото: Қоғамдық келісім және даму орталығынан 06.03.2025 17:25 103

Бүгін Конаев қаласындағы «Coworking» орталығында Алматы облысы «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп — қоғам қауіпсіздігі» атты кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен жастар бірлестіктерінің мүшелері қатысты.

Кездесу барысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Айдос Жанұзақұлы мен Қонаев қалалық ішкі істер бөлімінің бірінші орынбасары Исмаил Ахмедов қоғамдық тәртіп мәселелері туралы сөз сөйлейді. Сонымен қатар Іле аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мақсат Сейдалиев да пікірін білдірді.

Бұл жиында заң мен тәртіптің қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсері, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара әрекеттесуі талқыланады.

Қоғамдық келісім және даму орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Іле ауданы бөлімінің аға сарапшысы Нұрғазы Ғалымжанның сөзінше, бүгінгі кездесу өте өзекті тақырыпты қозғады, себебі қоғамда заң мен тәртіп мәселелері күн тәртібінде тұр.

Қазіргі жастардың көзқарасы өзгерген, олар әлеуметтік желілер арқылы кең ауқымдағы ақпараттармен танысып, өздерінің пікірін қалыптастырады. Баяғы замандардан келе жатқан құндылықтар өзгеріс табуда, жастардың көзқарасы басқаша. Олар заң бұзушылықтарға, жемқорлыққа қарсы белсенді түрде тұрады. Бүгінгі жастарымыз қазір заң бұзушылықтарға қарсы тұрғысы келеді, бірақ біз оларға осы мәселені мектеп қабырғасында түсіндіре алсақ, нәтижесі жақсы болар еді. Өйткені дерттің алдын алу кішіден басталады. Мектептерде, балабақшаларда осындай шараларды өткізу өте маңызды. Әр жасөспірімнің жас ерекшелігіне қарай қолайлы тәсілдермен түсіндіру қажет, – дейді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға