Жаңалықтар

Заң мен тәртіп: Есірткі бизнесіне тиесілі 600-ден астам банк шоты бұғатталды

Заң мен тәртіп: Есірткі бизнесіне тиесілі 600-ден астам банк шоты бұғатталды
Фото: ©AP/John RAOUX 29.03.2025 16:49 455

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында прокурорлар полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі қылмыстары мен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде бірқатар нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Облыс аумағында үш есірткі зертханасы анықталды. Есірткі сататын интернет-дүкендердің қаржы арналарын бұғаттау жұмыстары жүргізілуде – наркобизнеске тиесілі 600-ден астам банк шоты бұғатталып, жалпы сомасы 18 миллион теңгеге жуық қаражат тоқтатылды.

Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде антифрод-орталығы арқылы 230 миллион теңгеден астам алаяқтық жолмен алынған қаражат бұғатталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 953-бабына сәйкес, дропперлерден заңсыз байығаны үшін 22 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді, ал полиция органдарының ұсынуы бойынша 42,5 миллион теңгеден астам сомаға 32 жалған несиенің өндіріп алуы уақытша тоқтатылды.

Кеңес барысында проблемалық мәселелер, оларды шешу жолдары қаралып, алдағы бірлескен іс-қимылдар бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді. Заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасын табады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға