Қызылжар өңірінің өнеркәсібі
Үш жылға жетержетпес уақыт ішінде (19541956) Қазақстан 180 мыңнан астам тракторды, 70 мыңдай комбайнды, 60 мың жүк машинасын, ондаған мың тұқымсепкішті, соқаларды, культиваторлар мен өзге де техникаларды алды. Облыста 53 кеңшар, 106 ұжымшар, 18 МТС болды. Солтүстік Қазақстан мыңдаған тыңигерушілердің туған үйіне айналды. Әрине, ауыл шаруашылығының дамуы экстенсивті жолмен жүргендіктен өндіріс қымбатқа түсті әрі экономикалық деңгейі тұрақсыз сипат алды, табиғат жағдайларына байланысты нәтиже бірде жоғары, бірде төмен болды.
Қайта құру деп аталған жылдары өнеркәсіптің негізгі капиталын жаңартуда айтарлықтай ілгерілеушілік байқалмады. 1990 жылы соғыстан кейінгі жылдарға қарағанда алғаш рет өндірістің жалпы көлемі мен тиімділігі төмендей бастады. Әрбір екінші кәсіпорын мен бірлестіктер өнеркәсіптік өнімді шығаруды қысқартты.
Өнеркәсіптік құрылыстың қарқыны күрт төмендеп кетті. 1990 жылы экспорт көлемі облыстың тауар өндірісі көлемінің небәрі 1,3%ы болды, ал бұл кезде сегіз кәсіпорын әлемнің 13 елімен сауда операцияларын жүзеге асыратын еді. 1930 жылдан кейін алғаш рет жұмыссыздық пайда болды. 1990 жылы облыстық еңбекке орналастыру орталығына 10 мың адам жұмыс іздеп, есепке тұрды.
Билік және басқару органдары қызметінде жалпы реформа жүргізу негізгі бағыт болып ұстанды, оның басты бағыты меншік нысанын өзгерту болатын. 1990 жылдан бастап облыста көп укладты экономика басталды. 30 шағын кәсіпорын мен ұйым тіркелді, мемлекеттікұжымдық меншік нысаны бойынша екі қауымдастық пен екі акционерлік қоғам, сондайақ консорциум мен 14 шаруа қожалығы болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады, ал 1992 жылы 9 қаңтардағы бағаны босату қоғамдық және экономикалық құрылыстың алмасуының басы еді.
Солтүстік өлкенің тарихына шолу жасай қарасақ, географиялық орны жағынан елдің шетінде, желдің өтінде, жаудың бетінде, табиғаты қатаң өлкеде орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы жоғарыда жазылғандай нелер аласапыран уақытты басынан өткізді.
Патшалық Ресей елімен шекарамыз 500 шақырымнан астам екен. Өз жеріңді тартып алып отырған елмен шекаралас көрші болған халықта тыныштық бола ма? Ресей елімен жер үшін Ермактан басталған соғыстар, түрлі қақтығыстар Кеңес үкіметіне дейін созылды. Тарихшылардың деректері бойынша тек терістік өлкеде ғана Ресей елімен 500ден аса қарулы қақтығыстар болыпты.
Қазаққалмақ соғысының 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды» жылдарынан бастап Қазақстанның оңтүстік өлкесінің жоңғарларға қарап қалғанын, батыс өлкенің Ресейдің бодандығын қабылдап, қалмақтармен соғысудан бас тартқанын тарихтан білеміз.
Абылай хан басқарған қалмақтармен болған шешуші соғыста жауынгерлер құрамының негізгі бөлігі терістік өлкеден жасақталғанын тарих теріске шығармайды.
Осы сияқты облыс жеріндегі түрлі қоғамдық өзгерістер, ұзақ уақытқа созылған ел үшін, жер үшін болған қанды қақтығыстар, соғыстар атақты ел басшыларын, рухани көсемдерін (ақынжырау, бишешендерін), ел қорғаған батырларын, ел үшін еңбек еткен еңбек ерлерін туғызды.