Қызылорданың қоғам белсенділері Елбасының Жолдауын талқылады

12.10.2018 02:50
1851
Қызылорда қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіруге қатысты кеңейтілген отырыс өтті.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан құрылған Ғылыми-сараптамалық топтың Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын түсіндіру мен насихаттау бойынша кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыс модераторы – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова этномәдени бірлестіктің, жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерінің, «Жаңғыру жолы» ЖҚ мүшелерінің өкілдерімен Жолдаудың негізгі бағыттарын талдап, ойларын ортаға салды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ҚХА әлеуметтік желілерде блогерлер арасында байқау жариялайды
Келесі жаңалық
Астанада «Бұрқасын-2025» қысқы фестиваль өтті