Жаңалықтар

Қызылордалық ұстаздарға құрмет көрсетілді

Назарбаев Зияткерлік мектебі шәкірттері мұғалімдеріне арнап мерекелік бағдарлама дайындады.
05.10.2014 12:11 5999

Қызылордалық ұстаздарға құрмет көрсетілді

Қызылорда қаласының химия-биология бағытығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде, қазан айының үшінші жұлдызында ұлағатты ұстаздар мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтілді. Жылы, шуақ жүзді, ақ ниетті асыл жандарды 12 сынып оқушылары шоқ-шоқ қуаныш гүлдерімен қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қызылордалық ұстаздарға құрмет көрсетілді

Қызылордалық ұстаздарға құрмет көрсетілді

Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше. Бала көңілдерімен əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгетін педагог қызметкерлері  кез келген уақытта мадақтауға лайықты.  Ұстаздарына деген құрмет пен ризашылықтарын білдіру мақсатында Қызылода қаласының химия-биология бағытығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өзін-өзі басқару күні жарияланып, жоғары сынып оқушылары оқу сабақтарын жүргізді. 

Қызылордалық ұстаздарға құрмет көрсетілді

Педагог қызметкерлерге арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарлама, мерекелік кештің сәнін одан әрі аша түсті. Оқушылар алған білімдері мен өнерлерін шыңдап, сүйікті ұстаздарына керемет көңіл күй сыйлады. Мың бұрала билеп, ұстаздар туралы әндер шырқалып, ыстық құттықтау лебіздері жеткізілді. Сонымен қатар, кураторлар қауымы мектеп дамуына зор үлесін қосып отырған пән бірлестігінің жетекшілерін алтын медальдармен марапаттады. «Моряк» биі, «Тақиялы періште» фильмінен саундтрек қойылып, ұстаздар балалық шағын есіне түсіріп оқушылармен бірге көңілдерін көтерді. Іс-шараға тек қазақстандық мұғалімдер емес, 20-дан аса Оңтүстік Африка Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Польша, Англия, Канада сияқты мемлекеттерден келген шетелдік ұстаздар да бұл мерекеге қатысты.   

Қызылордалық ұстаздарға құрмет көрсетілді

Мектеп кураторларының ұйымшылдығының арқасында ұстаздар бір марқайып қалды. «Мектеп-кеме, білім-теңіз» деп аталған бұл кештің де мағынасы тереңде жатыр. Ұстаздың шәкіртке берер білімі теңіз секілді сарқылмайды. Ал, мектеп болса, сол теңіз де жүзген кеме іспеттес. Шаңырақ қауымдастықтары мен кураторлардың арқасында ұстаздар күні есте қаларлықтай сәтті өтті десек артық айтқандық емес.

Іс-шарада түсірілген басқа кесіндерді мына сілтемеден таба аласыздар. 

                                                                                                             

                                                                                         Ықтияров Аяз

                                                                                        12 «В» сыныбы оқушысы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға