Жаңалықтар

Қызылордада женевалық «Споем вместе» ансамбінің концерті өтті

Қызылордада женевалық «Споем вместе» ансамбінің концерті өтті
15.10.2018 11:12 1753

Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» Қоғамдық бірлестігі мүшелерінің "Споем вместе" атты шығармашылық ұйымының әнші-музыканттарымен халықаралық кездесуі ұйымдастырылды.

Қонақтар Достық үйнің жұмысымен және мұражайымен танысты, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

«Споём вместе» ансамблі – орыс әндері мәдениетіне қызығушылық  танытатын Женевадан шыққан әншілер мен музыканттардың ансамблі. Ол 2008 жылы Женевада мигранттардың ұрпағы Пьер Роснянскиймен құрылған.

«Споём вместе» еуропалық әндеріне ғажайып ұқсас дәстүрлі орыс әндерін орындайды. Ансамбль құрамында швейцарлармен қатар француздар, итальяндықтар және орыстар бар.

2010 жылдан бері ансамбльді басқаратын Елизавета Голованова да мигранттардың ұрпағы, аккордеонист білімі бар, Париждегі Александр Невский соборының шіркеу хорында және халық ансамбльдерінде ән салған.

Ансамбль репертуарында орыс, удмурд, башқұрт, украин швейцар, француз тілдеріндегі халық және авторлық әндер дәстүрлі әрі танымал .

2015 жылдан бастап «Споем вместе» ансамблі және  Надежда Уткина «Сабантуй в Женеве» атты татар-башқұрт мерекесін өткізуге белсені қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға