Жаңалықтар

Қызылордада әлеуметтік және төтенше жағдай қызметкерлеріне қошамет көрсетілді

Қызылордада әлеуметтік және төтенше жағдай қызметкерлеріне қошамет көрсетілді
05.03.2019 11:21 2730

1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Шын жүректен...» атты мерекелік салтанатты кеш өтті.

Осыған орай, Алғыс айту күнін атап өту мақсатында облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген. Оған сәйкес, Алғыс айту күнінің іс-шаралары 1 ақпан мен 1 наурыз аралығында өткізілді.

Барлық аудандық, ауылдық округтерінде, облыстық мекемелерде Алғыс айту күніне арналған түрлі форматтағы шараларға бір ай көлемінде 240 мың адамның қатысуымен 700 ден астам іс-шар өткізілді.

1 наурызда Достық үйінде «Шын жүректен... » атты қорытынды мерекелік салтанатты кеш өтті. Оған облыс әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Қырымбек Көшербаев, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен этномәдени бірлестік мүшелері және тағы басқалары қатысты.

Достық үйінің алдында этномәдени бірлестіктерінің белсенді жастарынан құралған топ аспанға алғыс жазылған шарларды ұшырды. Фойеде Алғыс күніне арнап оқушылар мен студенттердің арасында өткізілген сурет салу және эссе жазу сайыстарынан үздік шыққан жұмыстардың көрмесі ұсынылды.

Тілек-алғыс сөздер жақсы істердің бастауы болсын деген ниетпен шараға келген қонақтар арнайы дайындалған жәшікке тілектері жазылған хаттарын салды.

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

«Алғыс арқалаған асыл жандарға» патронаттық тәрбие беруші отбасыларға, жүрегі мейірімділікке толы жедел-жәрдем және мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалу жолында аянбай еңбек етіп жүрген төтенше жағдай қызметкерлері мен сүрінгенді сүйеп, жылағанды демеп, адам баласына тек жақсылық жасап жүрген қайырымдылық жасаушылар мен әлеуметтік көмек көрсетушілердей абзал жандарға ерекше ілтипат көрсетіліп, халықтың қошеметіне бөленді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: 

ҚЫЗЫЛОРДАДА НЕМІСТЕРДІҢ АЛТЫН ДӘН МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ БОЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТҮРІК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНА - 15 ЖЫЛ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға