Жаңалықтар

Қызылордада кроссфиттен жастар арасында жарыс өтті

Қызылордада кроссфиттен жастар арасында жарыс өтті
09.12.2019 18:25 2563

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында жастар арасында кроссфиттен сайыс өтті.

Қызылордада кроссфиттен жастар арасында жарыс өтті

Сайысқа​ түрлі этнос өкілдерінен барлығы​ 20 жас қатысып, шыдамдылықтан бақ сынасты. Жылдамдық пен қажыр-қайратты талап ететін жарыс жыл сайын жастар арасында өткізіліп келеді. Кроссфитке физикалық күш пен жылдамдықтан бөлек есте сақтау қабілетінің ұшқырлығы да қажет. Себебі әр жаттығуды орындау саны әртүрлі және тиісті жаттығуды қайталап орындау қажет.​

Тартысты өткен сайыста І орынды Ернат Сәрсенбек, ІІ орынды Саят Осаман жеңіп алса, ІІІ орынды Дәулетияр Асанов пен Бақдәулет Жеңісбек өзара бөлісті.

Қызылордада кроссфиттен жастар арасында жарыс өтті

Crossfit деген не? Дененің көп жақты физикалық дамуына негізделген спорттық қозғалыс кроссфит (CrossFit) деп аталады. Кроссф жаттығуларына ауыр атлетика, бодибилдинг, фитнес, пауэрлифтинг, гимнастика және ауыр атлетика элементтері кіреді. Бұл бағыттағы жаттығулар әр түрлі дене тәрбиесі бар адамдарға арналған бірнеше топқа бөлінеді.

Қызылордада кроссфиттен жастар арасында жарыс өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға