Жаңалықтар

Қызылорда облыстық экология департаменті басшысының орынбасары алаяқтық жасаған

Экология департаменті басшысының орынбасары сотталды
Қызылорда облыстық экология департаменті басшысының орынбасары алаяқтық жасаған
Фото: baq.kz 28.07.2022 18:54 2190

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары 100 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген, деп хабарлайды El.kz

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Б. Тілегенов қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. 

Ол ЖШС басшыларына тиесілі 100 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденгені үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, Тілегенов ЖШС басшыларын прокуратураның, мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменттерінің лауазымды тұлғалары арқылы мәселені шешемін деп, ЖШС-не қатысты экологиялық заңнаманы бұзушылықтар туралы істі тоқтату және мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын кері қайтару үшін пара беруге итермеледі. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға