Жаңалықтар

Қызылорда облыстық ҚХА Хатшылығының меңгерушісі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Қызылорда облыстық ҚХА Хатшылығының меңгерушісі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
19.12.2019 11:46 2458

Еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов еңбегімен дараланған жандарды марапаттады.

Аймақ басшысы марапаттағандардың қатарында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова да облды. Өңір басшысы Л. Бегалықызына «Ерен еңбегі үшін» медалін тапсырды.

Қызылорда облыстық ҚХА Хатшылығының меңгерушісі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Л. Бегалықызының мемлекеттік басқару органдарындағы көп жылғы және мінсіз атқарған еңбегі – жастарға үлгі-өнеге.

Қажырлы еңбегі сіңген, өз ісіне деген сүйіспеншілігі арқылы парасатты рухы биік ізбасарларын тәрбиелеу жолында да дарынды ұйымдастырушы болып тынбай еңбек етуде. Әсіресе, облыста қоғамдық келісімнің нығаюына, ынтымақ-бірліктің артуына, ең бастысы, Ассамблея саласының ілгері дамуына, оның жандануына бар күш жігерін аямай келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға