Қызметтік хат
... және қала әкімі аппаратына кірмейтін басқа да ұйымдарға |
- ... и в другие организации, не входящие в структуру аппарата акима города |
............ атқаратын қызметіне лайықты |
- ............. соответствует занимаемой должности |
............ қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі |
- ............. свободно владеет казахским, русским, английским языками |
............ қаласының (........ ауданының) әкімі «....................... қаласының (............ ауданының) әкімінің аппаратында және оның құрылымдық бөлімшелерінде құжаттармен жұмыс жүргізу туралы» шешімімен |
- решением акима города .................. (................ района) «О работе с документами в аппарате акима города ................. (............... района) и его структурных подразделениях» |
............... әкімі аппаратының жалпы бөлімі |
- общий отдел аппарата акима .............. |
2012 жылғы 4 желтоқсанда |
- 4 декабря 2012 года |
азаматтарға анықтамалық сипаттағы түсініктемелер береді |
- дает гражданам разъяснения справочного характера |
азаматтардың барлық сұрақтарына сауатты әрі дұрыс жауап береді |
- грамотно и компетентно отвечает на все вопросы граждан |
азаматтардың хат арқылы хабарласуына есеп жүргізеді |
- ведет учет письменных обращений граждан |
Алматы ауданының әкімі аппаратының басшысына |
- руководителю аппарата акима Алматинского района |
барлық шығатын хаттарды рәсімдеп, пошта арқылы (жай, тапсырыспен) жібереді |
- оформляет и отправляет всю исходящую корреспонденцию почтой (простая, заказная) |
бас маманның аты-жөні, тегі |
- Ф.И.О. главного специалиста |
Басқарма бастығының міндетін атқарушы |
- и. о. начальника Управления |
бөлім бастығына кіру |
- зайти к начальнику отдела |
бөлімшесін ашу туралы мәселе |
- вопрос об открытии отделения |
бөлімшесін жабу туралы мәселе |
- вопрос о закрытии отделения |
білікітілігін арттыру және қайта дайындау туралы мәлімет |
- сведения о повышении квалификации и переподготовке |
білімі – жоғары |
- образование – высшее |
қаланың (ауданның) барлық ұйымдарына шығыс хат-хабарларды жіберуді жүзеге асырады |
- осуществляет отправку исхдящей корреспонденции по всем организациям города (района) |
қолма-қол, пошта және канцелярия жәшігі арқылы алынған хаттарды қабылдайды, ашады, сұрыптайды |
- принимает, вскрывает, сортирует корреспонденцию, полученную наручно, почтой и через канцелярский ящик |
ҚР Президентінің заң күші бар «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Жарлығымен |
- Указом Президента РК, имеющим силу закона «О порядке рассмотрения обращений граждан» |
құрылымдық бөлімше |
- структурное подразделение |
қызметке 20__ж. «___» _________ тағайындалған |
- назначен на должность «___» _________20__г. |
Үлгі 1.
Астана қаласы
Денсаулық сақтау
басқармасының басшысы
_________________________
Қызметтік хат
«Мемлекеттік тілде құжат дайындайтын әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі № 117-ө өкімін жүзеге асыру және мекеме ішінде мемлекеттік тілдің аясын қолдану мақсатында мемлекеттік тілде жүргізетін Басқарма қызметкерлеріне үстемеақы тағайындауыңызды сұраймын. Сонымен бірге, құжаттарды мемлекеттік тілде сапалы жүргізу үшін қажетті сөздіктермен қамтамасыз етуіңізді сұраймын.
Бас маман-аудармашы _______________
Үлгі 2.
«Нұрсая» орталығы
директоры А.З. Тілеповке
директордың орынбасары
Қ.А. Бекежановтан
Қызметтік хат
Қызмет бабында өз міндеттерін дер кезінде жауапкершілікпен атқарғандары үшін жалпы бөлімнің бастығы Айша Сараманқызы Тараповаға, бас бухгалтер Райхан Ырысқызы Имановаға берілген 2012 жылғы 12 ақпандағы №11 (ж) қатаң сөгіс жариялау жөніндегі бұйрықтың күшін жоюды сұраймын.
Директордың орынбасары Қ.Бекежанов
Үлгі 3.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы ..........................................
2012 жылғы 22 мамырдағы № 20-56/2655 тапсырмасына
Астана қаласында 2011-2012 оқу жылы бойынша жалпы орта білім беретін мектептер саны – 69, оның ішінде 23-і қазақ мектебі, бұл 33% құрайды.
Ал, балалар үйінде барлығы 216 жасөспірім тәрбиеленеді, оның 48-і қазақ мектебінде оқиды. Аталған мекемеде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Балалардың мемлекеттік тілді үйренуі мен меңгеруі үшін жағдай жасалып, қазақ тілі үйірмелері жұмыс істейді. «Мемлекеттік тіл – мемлекет дамуының негізі» атты тілдер апталығы, «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» акциясы, «Егеменді, тәуелсіз ел – ұланымыз, Ана тілін құрметтеу – ұранымыз!» тақырыбында сынып, отбасы сағаттары және т.б іс-шаралар ұйымдастырылып отырылады.
Астана қаласындағы мектептер мен балалар үйлерінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.