Жаңалықтар

Юлия Путинцева Будапешт турнирінің финалына шыға алмады

Өткен жылы осы додада Ю.Путинцева чемпион атанған болатын
Юлия Путинцева Будапешт турнирінің финалына шыға алмады
Фото: inform.kz 16.07.2022 20:25 1986

Қазақстандық, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Будапешт WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады, – деп хабарлайдыEl.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 105-орында тұрған сербиялық Александра Круничпен кездесті.

Сербиялық теннисші 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта А.Крунич 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Сербиялық теннисші финалда әлемнің 53-ракеткасы, мажарстандық Анна Бондарь немесе рейтингте 130-сатыдағы америкалық Бернарда Пераның біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Өткен жылы осы додада Ю.Путинцева чемпион атанған болатын. Биыл жартылай финалдан аса алмай, рейтингілік ұпайларын жоғалтты. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ теннисші Бейбіт Жукаев елордадағы жарыстың финалына шықты.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға