Юлия Путинцева Торонтодағы турнирдің ширек финалына шықты
Турнирдің ширек финалында Юлия тағы бір америкалық спортшы Джессика Пегуламен жолығады.
Фото: Sports.kz
Фото: Sports.kz
13.08.2022 08:25
1167
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Торонтодағы турнирде жеңіліссіз келеді, деп хабарлайды El.kz.
Жарыстың 1/8 айналымында Путинцева әлемнің 35-ракеткасы, америкалық Элисон Рискені жеңді. Қорытынды есеп – 6:3, 7:5.
Турнирдің ширек финалында Юлия тағы бір америкалық спортшы Джессика Пегуламен жолығады.
Еске сала кетейік, Торонтодағы турнирде Путинцева әлемнің үшінші ракеткасы Паула Бадоссаны ұтқан болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Еліміздегі көліктердің 50 пайызға жуығы тозған
Келесі жаңалық
Ақтөбеде жоғалған малшы табылды