Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты
![Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты](/storage/storage/element/2023/05/29/mainphoto/52307/1200xauto_eyGFHElVdE0pV5B4Btuf14IUx3XfvZ7wonwRjBgT.jpg)
Әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған, Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген түбі украиналық Марина Заневскаямен шеберлік байқасты. Теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен, М.Заневская бұдан кейін қатарынан үш геймді алды – 4:1. Юлия да қалыспай, есеп 3:5 болғанда, қарсыласының сетті алуына мүмкіндік берген жоқ – 7:5. Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші өз геймін пайдалана алмады. Әйтсе де тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:3).
Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнайды.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)