Юлия Путинцева Майами турнирінде ширек финалға жолдама алды

Фото: Теннис федерациясы
Фото: Теннис федерациясы
26.03.2024 02:00
841
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (әлемнің №68-ші ракеткасы) Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 турнирінде үшінші кездесуін өткізіп, ширек финалға жодама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандық ойыншы украиналық спортшы Ангелина Калининамен (WTA сериясы бойынша №36-шы ракетка) кездесіп, екі сетте 6:4, 7:6 жалпы есебімен жеңіске жетті. Матч 2 сағат 19 минутқа созылды.
Ойын барысында қазақстандық теннисші бірде-бір қос қате жібермеді.
Айта кетейік, ширек финалда қазақстандық спортшы Виктория Азаренка (Беларусь) - Кэти Боултер (Ұлыбритания) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Кіші Аягөз өзенінде көтерілген су деңгейі 100 см-ге төмендеді