Жаңалықтар

Юлия Путинцева Бирмингемдегі WTA турнирінің екінші кезеңіне өтті

Юлия Путинцева Бирмингемдегі WTA турнирінің екінші кезеңіне өтті
Фото: ҚР ҰОК 19.06.2024 14:38 494

Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде өзінен екі саты төмен тұрған франциялық Клара Бюрельдің осал тұсын тапты.

Бірінші партияда есеп 3:3 болғаннан кейін Путинцева күш алып кетті – 6:3. Екіншісінде де сол қарқынынан тана қойған жоқ – 6:4.

Юлия ширек финалға шығу үшін әлемдік рейтингіде 47-орындағы украиналық Ангелина Калининамен жолығады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға