Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирдің финалына алғаш рет шықты

Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz
18.08.2024 17:51
588
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Лейла Фернандеспен (Канада) жұптасып, Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жартылай финалда Путинцева мен Фернандес ресейлік-чехиялық дуэт – Диана Шнайдер мен Линда Носкованы жеңді. Есеп: 6:3, 6:4 есебімен.
Финалда Путинцева мен Фернандес енді америкалық Эйжа Мухаммед және жаңазеландиялық Эрин Рутлифпен кездеседі.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтауда азық-түлік өнімдері қанша теңгеге өсті