Жаңалықтар

Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирде сенсация жасады

Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирде сенсация жасады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 16.08.2024 09:22 634

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

WTA рейтингінде 34-сатыда тұрған Путинцева екінші айналымда әлемнің 2-ракеткасы америкалық Кори Гауфтан басым түсіп, сенсация жасады.

Бірінші партияда Путинцева 6:4 есебімен ұтса, екіншісінде Гауфф есе қайырды – 6:2. Үшінші, шешуші сетте Путинцева жеңісті жұлып алды – 6:4. Матч 1 сағат 54 минутқа созылды.

Бұл жеңісінен соң Путинцева былай деді:

Бал күнімнен маған тек ата-анам сенді. Тіпті менің бойыммен де жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынын құлағыма құйып өсірді. Әкем: «Сен үздіксің, сен үздіксің. Үздік екеніңе өзің сенуің керек. Сонда қолыңнан келеді» деп қайталай беретін. Мен осы сөздерді әбден миыма құйып алдым. Әр ұпайға талассам, қолымнан келетінін білдім.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің бұрынғы екінші, қазіргі 37-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға