Юлия Путинцева әлемнің 8-ракеткасын жеңіп, үшінші айналымға өтті

Фото: Теннис федерациясы
Фото: Теннис федерациясы
27.04.2024 02:00
1066
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Мадридте өтіп жатқан Мастерс турнирінің келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз турнирде әлемнің 8-ші ракеткасы Чжэн Цинвенді (Қытай) 7:5, 2:0 есебімен ұтып, үшінші айналымға өтті.
Бірінші сетте Юлия Путинцева жеңіске жетті, ал екінші сетте Чжэн Цинвэнь жарақатына байланысты ойыннан шығып қалды.
Енді қазақстандық ракетка үшінші айналымда Кэролайн Долехидпен ойнайды.
Бөлісу:
