Жаңалықтар

Сыртқы саясатымызда қытайдың орны ерекше – саясаттанушы

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қытай Ресейден кейінгі екінші орында тұрған серіктесіміз
Сыртқы саясатымызда қытайдың орны ерекше – саясаттанушы
Фото: russian.eurasianet.org 12.09.2022 17:41 1509

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Қытай Халық Республикасының Президенті Си Цзиньпин елімізге келеді. Бұл оның 2 жылдық пандемиядан кейінгі шетелге алғаш жасаған іс-сапары болмақ. Қытай төрағасының бұл сапары туралы саясаттанушы Асқар Нұрша өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz.

«Қазақстанның сыртқы саясатында қытайдың алатын орны ерекше. Қытай ортақ шекарамыз бар көршілес мемлекетіміз. Экономика жағынан қарағанда да Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің қатарында. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қытай Ресейден кейінгі екінші орында тұрған серіктесіміз. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 18,4 млрд долларға дейін жеткен болатын. Екіжақты стратегиялық серіктестігінің бірі – қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық», - деді Асқар Нұрша.

Сондай-ақ ол екі елдің президенті кездесу барысында қандай мәселелерді талқылауы мүмкін екені жайлы өз болжамын жеткізді.

«Пандемия кезінен бері Си Цзиньпин алғаш рет сапарға шыққалы жатыр. Мұны Қытай басшысының Қазақстанмен қарым-қатынасын нығайтуға қызығушылығының жоғары көрінісі деуге болады. Менің ойымша екі елдің басшысы кездесу барысында транспорт, инвестиция саласындағы, «Бір белдеу, бір жол» бағдарламаның аясындағы ынтымақтастыққа серпін беруге қатысты мәселелерді қарастыруы мүмкін», - дейді саясаттанушы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға