Жаңалықтар

Қытай жемқорлықпен қалай күресуде?

Қытайтанушы ғалым Константин Сыроежкиннің монографиясы жарық көрді
16.09.2016 10:14 6024

Астанада ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен осы институттың бас ғылыми қызметкері, белгілі қытайтанушы ғалым Константин Сыроежкиннің «Жолбарысты аулау: Не себепті және Қытай жемқорлықпен қалай күреседі» атты монографиясының тұсаукесері өтті.

Қытай жемқорлықпен қалай күресуде?  

Кездесуде ғалым әлемнің көптеген дамыған елдерімен қатар Қытайдың да қазіргі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі жемқорлықпен күрес  екендігін атап өтті.  Автордың айтуынша заманауи Қытайда «жемқорлықпен күрес және жіктеу компаниясы» ерекше трендке айналған. Бұл мемлекеттің саяси-экономикалық дамуының  негізгі факторы болып табылады.

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен жарық көрген кітапта: Қытай мемлекетінің «бесінші» билеушілері неліктен жемқорлықпен күреске баса назар аударды? Жемқорлықпен күрес қалай жүзеге асады? Оның ауқымы қандай және бұл компания Қытайдың саяси болашағына қалай әсер етеді? Осы және өзгеде сұрақтарға оқырман жаңа кітаптан жауап таба алады.

Қытай жемқорлықпен қалай күресуде?

Ұйымдастырушылардың айтуынша кітап саясаттанушыларға, халықаралық қатынастар және қауіпсіздік қызметкерлеріне, сондай-ақ, сыртқы саясатқа қызығушылық танытатын барша азаматтар мен азаматшаларға арналған.

Автордың пірінше жемқорлықты мүлдем жою мүмкін емес. Онымен тек жүйелі түрде күресуге болады. Сондықтан шекаралас мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты өзге елдерге бұл жүйенің дұрыс немесе бұрыстығын ажыратуға мүмкіндік береді.

Қытай жемқорлықпен қалай күресуде?

Константин Сыроежкин 1956 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1981 жылы КО Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғарғы мектебін тәмамдаған.  Саясаттану және әлеуметтану академиясының академигі, қытайтанушы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.  

Қытай жемқорлықпен қалай күресуде?

Осыған дейін Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен Вячеслав Додоновтың «АҚШ-тың әлемдік экономикадағы рөлінің өзгеруі: жаһандық тұрақтылыққа ықпалы» деп аталатын монографиясы жарық көрген болатын. Ол туралы мақаланы мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.


Рүстем ӘЛПИ

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға