Жаңалықтар

Қытай шекарасына тосқауыл шаралары енгізілді

Қытай билігі шекарадан өткен адамдардың маймыл шешегін елге әкелуіне жол бермеу шараларын енгізгенін мәлімдеді
Қытай шекарасына тосқауыл шаралары енгізілді
Фото: El.kz 26.07.2022 00:15 2531

Қытай шекарасында маймыл шешегіне тосқауыл шаралары енгізілді, деп хабарлайды  El.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның телеграм каналына сілтеме жасап. 

– Қытай билігі шекарадан өткен адамдардың маймыл шешегін елге әкелуіне жол бермеу шараларын енгізгенін мәлімдеді, оның аясында белгілер болған жағдайда адамдар мемлекеттік органдарға хабарлауы тиіс. Бұл туралы ҚХР Бас кеден басқармасы хабарлады. Құжатта нақтыланғандай, Қытай шекарасынан өткен көлік құралының бортында жұқтырған адамдар бар деген күдік туындаған жағдайда, барлық жолаушылар, олардың заттары мен жүктері арнайы тексеруден өтуі керек. Бақылаудың жаңа шаралары алдағы алты ай ішінде қолданылады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға