Жаңалықтар

Қытай ой күшімен басқарылатын автокөлікті ұсынды

Көлік жүргізуші миының импульстарын санап отыратын арнайы гаджет арқылы басқарылады.
08.12.2015 10:00 3389

Қытай ғалымдары жүргізуші миының импульстары арқылы басқарылатын автокөлікті ұсынды. Әзірше оның мүмкіншілігі соншалықты көп емес: жүргізуші ой күшімен бар болған көлікті алға немесе артқа жүргізіп, есікті ашып-жабуып, қозғалысты тоқтата алады.

Қытай ой күшімен басқарылатын автокөлікті ұсынды

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, ой күшімен басқарылатын алғашқы қытайлық көлік Great Wall компаниясымен бірге екі жыл бойы әзірленіпті. Мұндай көлікті жасауға дәстүрлі әдіспен көлік жүргізе алмайтын мүгедектер шабыттандырған екен. Көлік жүргізуші миының импульстарын санап отыратын арнайы гаджет арқылы басқарылады. Қазіргі таңда көлік жүргізушісі қолы мен аяғының көмегінсіз алға, артқа жүреді, тоқтайды, сондай-ақ есіктерді құлыптап, қайта ашады.

Көлікті құрастырушылардың бірі Чжан Чжаоның айтуынша, көлікке 16 есептеу аспабы орнатылған. Олар электроэнцефалограмманы – жүргізуші миынан шығатын сигналдарды тіркейді. Арнайы жасақталған компьютер оларды сымсыз байланыс арқылы ұстап алып, оның мағынасын анықтап машинаға қажетті бұйрықты береді.

Келесі бір құрастырушы доцент Дуань Фэннің сөзіне қарағанда, болашақта Қытайдың бұл технологиясы батыс тәжірибесімен, мысалы Google Self Driving Сar жобасымен біріктіріле алады.  Ғалымның айтуынша, адамның басқа нәрсеге ауып кетіп жол көлік апаттары болуы мүмкін деп ойлаудың қажеті жоқ. Жүргізушінің зейіні тек бағытқа өзгеріс жасау керек кезде ғана көлікті басқаруға әсер етеді. Жаппай өндіру жоспары туралы әлі айтылмауда. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға