Қытай армиясы Тайвань маңында әскери оқу-жаттығу өткізе бастады
Тайваньдағы алты ауданда бейсенбіден жексенбіге дейін маңызды әскери жаттығулар өткізеді.
Фото: smi24.kz
Фото: smi24.kz
03.08.2022 04:39
1943
Қытайдың Халық-азаттық армиясы 4-7 тамыз аралығында Тайваньдағы алты ауданда әскери жаттығулар өткізеді, - деп хабарлайды EL.KZ Global Times басылымына сілтеме жасап.
Қытай Халық-азаттық армиясы Тайваньдағы алты ауданда бейсенбіден жексенбіге дейін маңызды әскери жаттығулар мен оқу іс-шараларын, соның ішінде атыс жаттығуларын өткізеді, - делінген хабарламада.
Еске салайық, 2 тамызда Пелоси ұшағы Тайвань әуежайына қонған болатын. Сондай-ақ, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады. Онда аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ауа райы. Еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
Оразаны кімдер кейінге қалдыра алады