Жаңалықтар

Ыстықкөл ластану жағынан алдыңғы орында тұр – Айжан Чыныбаева

Ыстықкөл ластану жағынан алдыңғы орында тұр – Айжан Чыныбаева
Фото: ©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ 20.06.2023 16:34 2008

Халықаралық еріктілер форумында «Волонтерлер қозғалысының аймақтық консолидациясы» тақырыбында №4 сессиясында еріктілердің қоғамдағы орны мен маңызы және ерікті ұйымдардың атқарған қызметтері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Пленарлық отырыста сөз алған ТМД елдерінің волонтерлік қозғалыстар қауымдастығының негізін қалаушы Валерий Митрофаненко мемлекет мұнай және қазба байлықпен емес, адаммен бай екенін тілге тиек етті.

Ыстықкөл ластану жағынан алдыңғы орында тұр – Айжан Чыныбаева

Оның айтуынша, 1995 жылы волонтерлерге қатысты заң қабылданған. Бұл сөздің мағынасы өте терең екенін айтты. Византия мәдениетінен бері ғасырдан-ғасырға жалғасып, бір-біріне көмектесу мәдениеті баяғы заманнан бері жалғасып келе жатқанын жеткізді.

Біздің ұйым 1998 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Еріктілердің бірінші халықаралық форумына қатысып, медаль алдық. Біз Түркиядағы волонтерлерден көп дүние үйрендік. Олар да бізбен тәжірибе алмасты. Сол сияқты бірнеше елмен біздің еріктілер тығыз қарым-қатынаста. Мысалы, Киевтен бір оқушым бар. Ол Ресейде ерікті болып жұмыс істейді. Осындай қиын уақытта бір-бірімізді түсініп, қол ұшын беруге атсалысып жатырмыз, – дейді ТМД елдерінің волонтерлік қозғалыстар қауымдастығының негізін қалаушы Валерий Митрофаненко.

Ал «Эко-Деми» қоғамдық қорының президенті, «Let's Do it World» халықаралық қозғалысының елшісі, Қырғызстан «Таза Ыстықкөл» қозғалысының бастамашысы Айжан Чыныбаева алғашқы сөзін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз алғысын білдіруден бастады.

Бүгінгі форумға келген спикерлер ішінде сол кезден бірге жұмыс істеп келе жатқандар бар. КСРО тарағаннан кейін білім беру жолы жоғалып, нәтижесінде біз табиғатқа шығып қоқыс қалдыратын адамға айналдық. Біз Маңғыстауда еріктілермен бірлескен жобаны жүргізіп жатырмыз. Яғни біздің қор табиғатты күл-қоқыстан тазартуға атсалысады. Біз волонтерлер қауымдастығымен тікелей жұмыс істейміз, – деді ол.

Сондай-ақ ол ластанып жатқан көлдер көп екенін тілге тиек етті. Мысал ретінде Ыстықкөлді атап өтті.

Бұл бағыттағы проблемалар барлық жерде бар. Мәселен, Ыстықкөл ластану бойынша басқа көлдерден алдыңғы орында тұр. Сол себепті елді қоқыстан тазарту мақсатында бір күнде 100 адам сенбілікке шықты. ТЖМ президенттің тапсырмасымен толықтай балық аулайтын ауларды Ыстықкөлден алып тастау сынды тұрақты жұмыстар жүргізіп келеді. Осындай жұмыстарды еріктілермен қадағалаудамыз. Қырғызстанда екі ұлттық күн бар. Наурыз-маусым айларында әр сенбі сайын тазалыққа шығады. Ал сенбілікке шықпайтын ұйым немесе кәсіпорындарға айыппұл салынады, – деді «Таза Ыстықкөл» қозғалысының бастамашысы Айжан Чыныбаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға