Ыстанбұлдағы ауа райына байланысты 200-ден аса рейс тоқтатылды

Түркияның Pegasus Airlines лоукостеры Ыстанбұлдағы қарға байланысты Сабиха Гөкчен әуежайына 200-ден астам рейсін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісі болған уақытта Ыстанбұлда дауылды желмен бірге қар жауды.
Ауа райына байланысты екі күнде 200-ден астам рейс тоқтатылған. Бакуге, Шарм-эль-Шейхке және Еуропаның көптеген қалаларына, ал ішкі рейстер – Анкара, Аданаға әуе рейстері ұшпады. Сонымен қатар, Turkish Airlines баспасөз қызметі компанияның 6 ақпанға жоспарланған 170 рейсті тоқтатқанын хабарлады.
«Әуе компаниясының жолаушылары билеттерді басқа күнге тегін айырбастап немесе билеттен бас тартып, ақшаны қайтара алады. Сонымен бірге компания биліктің шешіміне байланысты ауа-райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылған рейстердің саны артуы мүмкін екенін ескертті», - делінген ақпаратта.
