Жаңалықтар

Ыстанбұлда жарылыс жасады деген күдікті ұсталды

Сулейман Сойлу күдіктіні қаланың Полиция басқармасының қызметкерлері ұстағанын мәлім етті
Ыстанбұлда жарылыс жасады деген күдікті ұсталды
Фото: Анадолы агенттігі 14.11.2022 11:15 1162

Кеше Ыстанбұл көшесінде жарылыс жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Түркияның Анадолы агенттігі мәлімдеді.

Сулейман Сойлу күдіктіні қаланың Полиция басқармасының қызметкерлері ұстағанын мәлім етті.

Сондай-ақ Сойлу билікте Түркияда террористік ұйым ретінде танылған Күрдістан жұмысшы партиясының өкілдерінің шабуылға қатысқаны туралы дәлелдер бар екенін де жеткізді.

Еске салсақ, кеше Ыстанбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде  жарылыс болды. Жарылыстан 4 адам қаза тауып, 38 адам жараланғаны алдын ала хабарланды. Осыған дейін Ыстамбұлдағы жарылыс кезінде зардап шеккендердің саны өскені туралы жазған болатынбыз.

ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес берді.

Қазақстанның шетелдік өкілдігі түрік билігімен байланыста. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ.

Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығының байланыс телефоны +90 212 662 53 49.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға