Жаңалықтар

Ыстанбұлда тағы жарылыс болды

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы осы уақытқа дейін мәлімет жоқ
Ыстанбұлда тағы жарылыс болды
16.11.2022 08:14 1258

Ыстанбұлдың Фатих ауданында жарылыс болды. Бірнеше көлік отқа оранды, деп хабарлайды El.kz Mynet порталына сілтеме жасап.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы осы уақытқа дейін мәлімет түскен жоқ.

Кейбір ақпарат бойынша, өрт алдымен бір көлікті шарпыды, кейін жалын тұрақта тұрған өзге машинаға ауысты. Оқиға Ыстанбұлдың негізгі көрікті орындары - Айя-София мешіті және Көк мешіт орналасқан жерден 5 шақырым жерде – Қожа Мұстафа көшесінде болды.

Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады.

Еске салсақ, 13 қарашада Ыстанбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 53 адам жараланды. 14 қарашада жарылыс жасады деген күдікті ұсталғаны мәлім етілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға