Ыстамбұлдың басты символы туристер үшін жабылды
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
23.02.2024 14:53
889
Ыстамбұлдағы Галата мұнарасының есігі туристер үшін бір айға жабылды. Бұл туралы Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің ресми деректеріне сүйене отырып El.kz ақпарат агенттігі мәлімдеді.
Түркияның ең көрнекті жерлерінің бірі болып саналатын мұнараның сегізінші қабаты 2023 жылдың қараша айынан бастап жөндеу жұмыстарына жабылған болатын. Мақсаты - нысан шатырын қалпына келтіру.
Бұл жолғы жұмыс нысанның сейсмотұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады. Сонымен қатар мұнараның қасбетін реставрациялау жоспарланып отыр.
Галата мұнарасы наурыз айының соңында туристер үшін есігін айқара ашпақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылда құны 10 млн теңге болатын үнді марихуанасы тәркіленді
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды