Жаңалықтар

Ыстамбұлдағы жер сілкінісінен 4 мыңнан астам ғимарат зақымданған

Ыстамбұлдағы жер сілкінісінен 4 мыңнан астам ғимарат зақымданған
Фото: pexels 02.05.2025 10:29 315

Ыстамбұлдағы жер сілкінісінен 4295 ғимарат зақымданды. Бұл туралы Түркияның қала құрылысы және қоршаған орта министрі Мурат Курум хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2025 жылғы 23 сәуірде Ыстамбұлда қуаты 6,2 баллдық жер сілкінісі болды. Эпицентрі Силиври ауданының маңындағы Мәрмәр теңізінде орналасқан. Жер сілкінісінің дүмпулері Анкара қаласында да (эпицентрден 300 км жерде) сезілген.

Түркияның қала құрылысы және қоршаған орта министрі Мурат Курумның айтуынша, Ыстамбұлдың 39 ауданында 15 013 ғимарат тексеріліп, олардың 1 025-і жеңіл зақымданған. Жалпы алғанда, бүкіл ел бойынша 236 адам зардап шеккен, оның ішінде 173-і ­- Ыстамбұлда.

27 сәуір күні Ыстамбул маңында 4,3 баллдық жаңа жер сілкінісі болды. Оның тереңдігі 7 км. Бұл алғашқы сілкіністен кейін тіркелген 50-ден астам афтершоктың бірі.

Қазіргі уақытта шығындарды бағалау және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға