Жаңалықтар

Үйсіннің батысқа аууы

Үйсіннің батысқа аууы
21.08.2014 09:43 3236

“Үйсіннің батысқа аууы” туралы мыналарды айтуға болады:

А. Елжау күнби тəуелсіздік үшін былайғы басқы дайындық елінің шығыстағы (Гансу жақтағы) етегін батысқа қарай жинау мен ел кіндігін Ілеге (Ғұн қағанатына қарайтын аумақтың батыс жағына жəне шұрайлы қонысқа) көшіру деп білген.

Ə. Бұл тəңірқұттың оған батыс жақты қорға деген жоғарыда айтылған міндетіне қайшы болмағандықтан, əу баста ғұндардың күдігіне, сондықтан да қарсылығына ұшырамаған.

Б. Бұл көшу қырғын соғыс арқылы атқарылмаған. Ғұндар Іледегі нүкістерді əлдеқашан қуып жібергендіктен, олардың аз қалдығы күшті қарсылық көрсете алмаған.

В. Көшу барысы-əлде неше жылға созылған біртіндеген процес.

Қысқа қайырғанда, Елжау күнби тек ел кіндігін ғана кең мағынадағы Үрімжі өңірінен Жетісу жаққа көшірген жəне шығыс шекарасын Құмыл жақтан шегіндіріп, Боғдаға шейін жыйған.

“Жер жаннаты Жетісуға” келгесін жағдай тіпті жақсарады, əрине. Өйткені бүгінгі Өртекес - “Моңғолкүре ауданын мысалға алсақ, аудандық ауа райы пунктінің санақ мəліметтеріне қарағанда, жылдық жауын-шашын мөлшері жалпы алғанда 500 мм, жылдық күн шуақты мезгілі 2400 сағаттан асады. Жылдық орташа ауа температурасы төмендеу, 5. 2℃ ғана, қыраусыз мезгілі небары жүз күндей, орны теңіз деңгейінен 1000-2000 м жоғары. Мұндай климаттық-жағрапиялық ерекшеліктер егіншаруашылығына тиімсіздеу болғанымен, мал шаруашылығына қабағат үйлеседі” . Бəлкім бұл жердің райы 2000 жылдың алдында бұдан да тиімділеу шығар. Ал Өртекестің маңайындағы өзге жерлердің – Жетісу ойпатының ауарайы тіпті жанға жайлы жəне егін шаруашылығына да ыңғайлы.

Меніңше Үйсін ұлысы кей ғалымдар айтқандай Тəңіртау мен оның батысының мемлекеті. Синолог Матсуда Хисао Үйсін мемлекеті, Тəңіртаудың солтүстігіндегі ел емес, тəңіртау ішіндегі ел. Оның негізгі тұлғасы Нарын, Текес жəне Жұлдыз өзендерінің атырабында деп қарайды. Синолог Ширатори Куракичи да «Ханнама. батыс өңір баянындағы» “Үйсіннің жері жауынды, суық. Таулары көп жəне қарағайлы” дегендер Өртекестің ауа райына дөп келеді” деп біледі. Дұрыс айтады. Бірақ бұл екеуіндегі олқылық - тек Іле дариясын ауызға алмағандығында ғана емес, жер жаннаты Жетісудың кең аумағын ескере алмағандығында. Ал, Іле Ахбарат Торсайтындағылардың осыны түзеткендей: “Археологтардың байқауына қарағанда, Үйсін обалары мен өзге мұра іздері Тəңіртау солтүстігіндегі Манас өзенінен айналып, Тарбағатай, Балқаш көлі, Талас дариясымен ораған ұлан-қайыр аумақтың Үйсін жері екенін айғақтап отыр - деп, ақылға қонатын сөз қозғайды да, айтарының аяғын: - Оның саяси орталығы - Қызылкүрен (Чекүк, Шығу) қаласы. Оңтүстік, Солтүстік əулеттер кезінде Үйсіннің Солтүстік Уей əулетімен байланысы тығыз болды. Ляу əулеті тұсында ордаға елшілері келіп тұрды. Кейін келе өзге этностармен қосылып осы заман қазақ ұлтын құрады” деп түйеді.

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға