Үйсіндер мен қазақтар
Менің “ертедегі Үйсін мен бүгінгі қазақ ұлтындағы Үйсіннің еш байланысы жоқ” деушілердің бұл қате сөзін қазақ халқында ежелгі Үйсіннен қалған ұрпақ жоқ деп түсінуімде еш ағаттық жоқ шығар! ?
Ендеше, меніңше олардан ұрпақ мол қалған. Оған айтарымды тарихтағы мынадай қызықпен ұштастырайын:
Бірі, бүгінде ғалымдар жеті-ақ ғасырдың алдындағы жалғыз Шыңғыс қағанның (1162-1227 жж.) белінен əлемде 17 миллиондай (бір Қазақстан халқындай, немесе дүние халқының 0. 5 пайызындай) ұрпақ өмір сүріп отырғанын дəлелдеп шықты! Ұлы Британияның Оксфорд Ататек Генін Тексеру Серіктестігі 2004 жылы Шыңғыс қағанның ұрпағын анықтауға арнайы жобаланған “Y-clan” атты қызмет өтеуді бастаған болатын. Бұл солардың зерттеуінің салдары. Про- фессор Секс бұл салдарды сенімді деп отыр. Ол: “бұл адамзат нəсілдері ара тығыз байланысты, ешбір саф нəсілдің жоқ екендігін, нəсілдер ара теңдікті, жоғары - төмен дерлік айырма жоғын түсіндіреді” депті. Жуықта (2007 жылдың 21- мамыры күні), Британияның “Əр күндік интерфакс” дейтін торбекеті (websit) “Шыңғыс қаған - батыр, жыныси Илаһ” деген тақырыппен осы хабарды кең та-ратты.
Сонда Ұлы Даланың қазақты құраған тайпалары ертенің ертесінен бері өмір сүрген мына далада ежелгі үйсіндердің бір ауылы да қалмаған ба? ! Тіпті жалғыз үйі қалған күнде де 22 ғасырдан соң олардың ұрпағы бірер миллион жан болмай ма, дегім келеді. Енді бірі, 2009 жылы, Шандұң өлкесінің орталығы Жинан қаласындағы«Кұңзы ұрпақтары шежіресін» жалғастыру жұмыс қоғамының кеңсесі, 10 жылға созылған жию, реттеу шаруасының (шежірені 5-рет жөндеу жұмысының)аяқталғанын, бұрынғы 560 мың ұрпаққа бертінде 1 миллион 900 мың жан қосылғанын, олардың ең үлкені 68 -інші, ал ең кішісі 83-інші ұрпақ екенін жариялады. Демек, 25 ғасырлық тарихы бар «Күңзы ұрпақтарының шежіресі» (2008 жылғы санағы) бойынша, ол жарықтықтың ұрпағы екі миллионнан асыпты. Егер ежелгі үйсіндерден бір ғана шаңырақ қазаққа қосылған деген күнде де, оның ұрпағы бүгінгі қазақ ішіндегі үйсіндер санына жетерлік. Қазаққа оны да бұйыртпайтындар шыға қоймас.
Тағы бірі, Ғылыми зерттеулерге қарағанда, Қытайдың солтүстігі мен Моңғолиядағы бір жарым миллион адам XVI ғасырдағы біреудің ғана ұрпағы екен. Оны Жө Чаң-ан десіп жүр. Жө Чаң-аннің немересі соңғы патшалық – Чин əулетін құрған емес пе. Бұл да жоғарғы сөзімізді күшейте түседі. Мен осыларға негізделе келіп, қазақтар мен ертедегі үйсіндер ара тектік байланысқа сенімдік нүкте қойылып болғандығын, қазақтық Ұлы Жүз-Үйсін сол ежелгі үйсіндердің басты тұқымы, ал қазақтың өзге жүздерінде де, тіпті басқа түрік ұлттарында да ежелгі үйсіндер ұрпағы бар деуді батыра айтпақпын.