ҮЙСІН ҰЛЫСЫ ҰЛЫ ЖҮЗДЕРГЕ ТУЫС ЕЛ
Иə, ұлынүкістер (ұлы жүздер) де - Африкадан келгендердің ұрпағы, үйсіндер сықылды Ұлы Дала сақтарын тұқиян еткендер, сол даланы билеген Ғұн империясындағы хандықтар сықылды, бірақ одан дербес бір ұлыстың халқы, үйсіндермен ауылы аралас, қойы қоралас жұрт. Сондықтан бұлардың туыстығында дау жоқ. Бірақ бұлар түгіл бір атаның балалары да не саяси бағыттан, не жеке мүддеден кейде қайшыласып, кейде соғысып, кейде мүлде жат болысып кетіп жатады. Мұндай қылық бүгінде де жоқ емес. Үйсін тарихындағы кей оқиғалардағы мұндайларға қарап бұларды туыс емес деу ағаттық болар еді. Онсыз да, Үйсін тарихында ауызға жиі алынатындықтан, бұл ұлысты аз да болса айта кеткеніміз жөн.
Ұлынүкістерге (ұлы жүздер, да юечжи, ұлыйөзілер, кейде ұлытохры делініп те жүрген этносқа) хəн жылнамалары əр түрлі ат қолданған екен. Мысалы, (Юй - мешін, маймыл), (жы), (юйжы),(ескіше ру, қазіргіше юе) , (ню - сиыр), (шы, жы), сықылдыларды. Бұрын бұлиероглифтердің қазіргі оқылуы бойынша Ұлыйүз, Ұлыжүз деушілер көп еді.
Бертінде иероглифтердің ескіше оқылуын қуып Ұлын үкіс деушілер де шықты.мЖоғарыдағы қытайша берілген аттарының ішінде Ұлы жүзге таяулары көбірекмекенін байқап отырған боларсыз. Оның үстіне Юе дегеннің фамилия екені дембелгілі. Фамилиялық иероглифтің оқылуы, демек Юе деген заманға ілесіп оңай өзгере бермейді. Сонда мұны да Юежы, демек Йүз, Даюежы (Үлкен юежы) дегенді Ұлыйүз, Ұлыжүз деген жөн.
Хəн жылнамалары ұлыжүздерді (ұлынүкістерді) “Көшпелі ел. Малына ере жылжиды. Ғұндармен ғұрыптас” деген екен. Осы сықылды деректерге арқа сүйеген ғалымдарша айтқанда, ұлы жүздер бұрын Дүнхуаң (Тохар, Дахата, ертеректегі) жақта малын бағып жатқан жұрт көрінеді. “Тохар деген Грек географтарының Ұлыжүзге қойған аты. Іс жүзінде Ұлыжүз - Тохар жүйесіндегі ұлттардың ең тебінділерінің бірі ғана... Тəйшя мен ежелгі Грек қаламгерлері көтерген, Орта Азияның шығысындағы дала тайпасы Тохар дегендер оқылым жағынан таяу болғандықтан, зерттермендердің бəрі АлғыЧин жазбаларындағы Дашя дегенді Таң əулеті жазбаларындағы Тохар деп біледі” . Ұлы жүздер ғұндармен тайпалық қақтығыстардан соң, əуелі Іле маңына, кейін келе Екіөзен (Аму мен Сыр) жаққа барады. Ғұн қағанатының соққысынан Сыр мен Аму жаққа ауған Ұлы жүзден қалған дейтін бір шумақ өлеңді 60 жылдың алдында Чын Дыңзы ауызға алған екен...
...Ұлы жүздер келіп басып алған, Соғдыны қамтыған, Бактрия елі отырықты, ауқатты, мəдениетті еді. Бірақ ол бұл тұста қатты əлсіреген болатын. Билік басындағы Еократидмес өз ұлының қолынан қаза тапқан. Оның орнына шыққан Хелиоклес əлі таққа толық орныға қоймаған-ды. Ұлы жүз осы өңірдегі Бактрияға (Bactria, Ұлы Шя) барғасын, оның билеушілерін қуып жіберіп, Бактрияны басып қалады...