Жаңалықтар

Қыркүйек айында елдегі жылдық инфляция 17,7% болды

Аймақтар арасында жылдық инфляция 20 өңірде қарқын алды
Қыркүйек айында елдегі жылдық инфляция 17,7% болды
Фото: kazgazeta.kz 17.10.2022 15:11 1889

Ұлттық банктің баспасөз қызметі ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтің түсіндірмесін жариялады, деп хабарлайды El.kz 

Ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында тіркелді (тамыздағы 17,3%-дан қыркүйекте 20,0%-ға дейін).

Азық-түлік бағасының өсу қарқыны қыркүйекте  22,2%-ға дейін ұлғайды (тамызда – 20,8%). Осы топқа жататын тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында барынша өсті (29,7%).

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 17,0%-ға дейін жеделдеді (тамызда – 15,5%). Ең жоғары мән Астана қаласында (26,3%), ең төменгі мән Алматы қаласында (13,8%) тіркелді.

Ақылы қызмет көрсету бағасы қыркүйекте 12,3%-ға өсті, бұл ретте жалпы республикалық деңгейден едәуір жоғары баға Ұлытау облысында (16,5%) тіркелді, Ақтөбе облысында (8,2%), керісінше, едәуір төмен өсті.

2022 жылғы қыркүйекте елде айлық инфляция 1,8%-ды құрады, бұл соңғы 5 жылда (2017-2021 жылдары: 0,3%) қыркүйек айындағы инфляцияның орташа мәнінен біршама жоғары көрсеткіш.

2022 жылдың қыркүйек айында баға барлық өңірде орташа тарихи нормасынан жоғары болды. Айлық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында (2,8%) байқалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға