Жаңалықтар

Қырғыз режиссері «3 лимон» ұсынады

Жаңа фильм
22.07.2016 11:55 4491

Тамыз айында Алматыда «3 лимон» атты жаңа комедияның түсірілім жұмыстары басталады. Фильмді қырғызстандық режиссер Нұрлан Мамакеев түсірмекші. 

Қырғыз режиссері «3 лимон» ұсынады

Комедия қарапайым таксиші болып нәпақасын тауып жүрген жігіттің басынан өткен оқиғаларын баяндайды. Жәнібек белгілі тележүргізушіге ғашық. Ол күндердің күнінде өзі сүйген арудың жүрегін жаулап алатынына іштей сенеді.

Бір күні басты кейіпкер өзінің көлігінен 3 миллион доллар салынған сөмкені тауып алады. Дәл сол сәттен бастап оның өмірі 180 градусқа өзгереді. Жәнібек танымал кәсіпкерге айналады. Алайда, бұл кезде қомақты соманың қожайыны бұның ізіне түседі...

Қырғыз режиссері «3 лимон» ұсынады

Фильмдегі басты рөлдерде Дәстен Шәкіров пен Динара Бақтыбаева ойнайды. Қалған рөлдер Бауыржан Сатов, Димаш Ақымов, Максим Акбаров, Фархад Әбдірайымов, Төлепберген Байсақаловтарға тиесілі. Көрерменге «таксист Русик» ретінде жақсы танылған Руслан Висингериевке де рөл бұйырыпты. Киногерлер екінші пландағы рөлдердің біріне ресейлік белгілі актер Дмитрий Нагиевті шақыруға ынталы. Қазір арада келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бір ескерте кетерлігі, кастинг жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

Қырғыз режиссері «3 лимон» ұсынады

Комедияның түсірілім жұмыстары Алматы, Бішкек және Ыстықкөлде өтеді деп жоспарланып отыр. Режиссер фильм желтоқсан айында Қазақстан мен Қырғызстанның барлық кинотеатрларында көрсетілетінін айтты.


Жансая ТӨЛЕГЕН

Суреттер ғаламтордан алынды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға